Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс
ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ! ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ! ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

📺 Ертіс телеарнасының «Ойлайық» бағдарламасында бастапқы әскери даярлық пәнінің маңызы, өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесі және жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен ел алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

🎖️ Бағдарламаға Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ержан Нұрланович Дауенов қатысып, әскери даярлықтың білім беру жүйесіндегі рөлі, оқушылардың бастапқы әскери дағдыларды меңгеруі және жастарды Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге даярлау бағытындағы өзекті ойларымен бөлісті.

Әскери-патриоттық тәрбие – тек әскери дағдыларды үйрету ғана емес, ол – жас ұрпақтың бойына тәртіпті, табандылықты, батылдықты, жауапкершілікті және елге деген адалдықты сіңіру.

🇰🇿 Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы, ал ел болашағы – отансүйгіш ұрпақтың қолында!

👏 Гимназиямыздың ұстазының маңызды қоғамдық тақырыпта өз пікірін білдіріп, телеарна төрінде білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтеруі – біз үшін мақтаныш!

Елін сүйген ер – елінің қорғаны!