Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс

ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау тәртібі, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік пен интернет кеңістігіндегі сақтық шаралары туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Оқушылармен әңгіме жүргізіліп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

Қауіпсіз орта – саналы ұрпақ пен жарқын болашақ кепілі!