11 қараша күні 5–7 сынып оқушылары арасында футбол сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық бірлік пен өзара достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, өз командаларының намысын қорғап, ойынға ерекше ынтамен қатысты. Барлық қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен қатысушылар марапатталады!
Спорт – денсаулық кепілі, ал жеңіске деген ұмтылыс – табыстың бастауы!





