Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс

«АДАЛ АЗАМАТ» – АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН БАҒДАРЫ!

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Павлодар облысында «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету және бірыңғай брендбукті енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Бірыңғай брендбукті енгізу – білім беру кеңістігінде ортақ құндылықтарды қалыптастырып, ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік бағытты нығайтудың маңызды қадамы.

«Адал азамат» тұжырымдамасының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына:
🔹 Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді;
🔹 Адалдық пен әділдікті;
🔹 Еңбекқорлық пен жауапкершілікті;
🔹 Ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Біздің ұстанымымыз – білімді ұрпақ қана емес, адал, саналы, жауапты әрі елжанды азамат тәрбиелеу!

Адал азамат – ел болашағы!