Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 6 «Ә» сынып оқушылары «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде өткен С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АВАСА» командалық олимпиадасына қатысып, Бас жүлдеге ие болды! 🥇🏆
Бұл – оқушыларымыздың білімге деген құштарлығының, табанды еңбегі мен ұйымшылдығының, бірлескен дайындықтарының жарқын нәтижесі!
Жеңіс тұғырынан көрінген жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Осындай биік белестерді бағындырып, гимназиямыздың мерейін асқақтата беріңіздер!
Шәкірт жетістігі – гимназия мақтанышы! 6 «Ә» сыныбын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! ❤️





