Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда 5-сынып оқушылары Бақыт Базарханов атындағы дәстүрлі «Шығармашылық импульс» өнер кешін ұйымдастырды.
Кеш барысында жас өнерпаздар ән, би және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша өнер көрсетіп, бойларындағы таланттары мен қабілеттерін ортаға салды. Әрбір өнер нөмірі оқушылардың ізденісі мен дайындығын, өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.
🏅 Шара соңында белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салған оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Мұндай шығармашылық кездесулер жас ұрпақтың қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.
💙 Жас таланттарымыздың өнері өрге жүзіп, шығармашылық жолдары жаңа жетістіктерге толы болсын!





