Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс
Айтбай Ақнұр халықаралық «Астана-Мерей» байқауында

СҮЙІНШІ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІС!

Айтбай Ақнұр 9–13 қараша аралығында Астана қаласында өткен халықаралық «Астана-Мерей» байқауына қатысып, дәстүрлі ән бағыты бойынша ІІ орын иегері атанды! 🏆

Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның артында айлар бойғы тынымсыз еңбек, үздіксіз дайындық, табандылық пен үлкен ізденіс жатыр.

Биыл байқауға еліміздің әр өңіріндегі мамандандырылған мектептерден 600-ге жуық оқушы қатысқан. Осындай жоғары бәсекеде Ақнұр өз жас ерекшелігі бойынша үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІ орынды иеленді!

Ақнұрды шын жүректен құттықтаймыз! Өнерің өрге жүзсін, алар асуың биік, бағындырар белестерің көп болсын! Алла тіл-көзден сақтасын! 🙏❤️

Жеңісің құтты болсын, Ақнұр! Гимназиямыздың мақтанышысың!