Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Ауыл-қала» жобасы аясында педагогтерге арналған семинар өтті!

«Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ педагогтерінің ұйымдастыруымен «Білімдегі олқылықтарды анықтау және жою – сапалы білім кепілі» тақырыбында семинар өткізілді.

✨ Семинарға жалпы 80 педагог қатысып, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын талқылады.

Іс-шара барысында пәндер бойынша жеке секциялық залдарда жұмыстар ұйымдастырылып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, функционалдық сауаттылықты дамыту, STEM тәсілдері, формативті бағалау және білімдегі олқылықтарды түзету жолдары қарастырылды.

🤝 Ақтоғай ауданының педагогтерінен кері байланыс алынып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды. Семинар ауылдық және қалалық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Бірлескен тәжірибе – сапалы білімнің негізі! 💙