Мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында *«Кітап оқитын ұлт»* жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында оқушылар көркем әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды оқып, алған әсерлерімен бөлісуде. 📖✨
Кітап оқу – білімге бастар жол, ал кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы! 🌿
*Кітап оқиық, білімге бірге ұмтылайық!





