«Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Бірыңғай күн өткізу шеңберінде мектебімізде маңызды дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті Жұлдыз Сапаровна – жедел жәрдем дәрігері, дәрігер-маман өткізді.
📌 Дәріс тақырыбы: «Менің денсаулығым – менің жауапкершілігім: жеке шекаралар мен қауіпсіздік».
Кездесу барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке шекараны сақтау, қауіпсіз мінез-құлық және түрлі жағдайларда өз қауіпсіздігін қорғау туралы маңызды ақпарат берілді.
Оқушылар дәрігермен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
💚 Денсаулық – зор байлық. Ал оны сақтау – әр адамның өз жауапкершілігі!
Жасөспірімдерге құнды ақпарат беріп, пайдалы дәріс өткізгені үшін Жұлдыз Сапаровнаға алғысымызды білдіреміз!





