г. Павлодар, ул. Толстого, 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Выберите язык

КГУ "Гимназия для одаренных детей имени Абая"
Официальный интернет-ресурс

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛЫ МАРАПАТ!

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шоканова Салтанат Абраевна білім беру саласындағы еселі еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Мәртебелі марапатты облыс әкімі А.Қ. Байхановтың қолынан алу – ұстаз еңбегінің жоғары бағаланғанының айқын көрінісі. ✨

Бұл төсбелгі – шәкірт тәрбиелеу жолындағы төгілген тердің, тынымсыз ізденістің, кәсіби шеберлік пен биік парасаттың жарқын белгісі.

💐 Құрметті Салтанат Абраевна!

Сізді осы айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, сарқылмас шығармашылық қуат, кәсіби биіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі Сізге қуаныш сыйлап, еңбегіңіздің жемісі еселене берсін!

Ұстаздық жолыңыз абыройлы, алар асуларыңыз биік болсын! 🌷✨