г. Павлодар, ул. Толстого, 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru
КГУ "Гимназия для одаренных детей имени Абая"
Официальный интернет-ресурс

Форум

2026 жылғы 6 қаңтар күні Павлодар қаласында Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның мәжіліс залында Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі Молдабекова Рәзия Асқарқызының 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті.

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: өзекті мәселелері және бүгінгі күннің ерекше ұстанымдары» тақырыбында ұйымдастырылған симпозиум–форум форматындағы іс-шарада пәнді оқытудың заманауи бағыттары мен өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.

Форум жұмысына Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшылығы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының өкілдері, ғалымдар, ардагер ұстаздар және облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру тетіктері қарастырылды.

Форум қорытындысында озық педагогикалық идеялар сараланып, үздік тәжірибе ұсынған мұғалімдер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Аталған форум ұлағатты ұстаздың жарқын есімін ұлықтаумен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына серпін берген маңызды алаң болды.