г. Павлодар, ул. Толстого, 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Выберите язык

КГУ "Гимназия для одаренных детей имени Абая"
Официальный интернет-ресурс

«ДАРЫНДЫЛАР ШЕРУІ – 2026»

Мектебімізде жыл бойы білім мен өнердің, шығармашылық пен ізденістің шыңын бағындырған дарынды оқушыларды ұлықтауға арналған «Дарындылар шеруі – 2026» салтанатты кеші өтті.

Шара барысында түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда түрлі байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Бұл – табандылық пен еңбектің, білімге деген құштарлықтың жеңісі.

Дарынды шәкірттеріміздің жетістігі – ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Дарын – жарқыраған жұлдыз болса, еңбек – сол жұлдызды биікке көтеретін қанат.

Жас таланттарымыздың жеңісі мен жетістігі молая берсін!