«Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі» аясында мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тілдер күнінің шығу тарихы, сондай-ақ тіл туралы мақал-мәтелдерді білу бойынша ойындар, викториналар мен квесттер өткізді. Оқушыларға ойын түрінде қызықты тапсырмалар ұсынылып, оның арқасында балалар Қазақстан халқының тілдері туралы көптеген мәліметтермен танысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Т. Ахметова 8-сынып оқушылары арасында «Народа каждого язык прекрасен и велик!» («Әр халықтың тілі ғажайып әрі ұлы!») атты интерактивті ойын өткізді. Ойын нәтижесі бойынша үш жеңімпаз анықталды. Олар: 8 «А» сынып оқушысы А. Жетпісбай (3-орын), 8 «А» сынып оқушысы А. Қаббасов (2-орын) және 8 «Б» сынып оқушысы А. Серік (1-орын). Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
9–11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл — достық көпірі» интеллектуалдық квестін М.У. Жүсіпова өткізді.
5-сынып оқушылары арасында «Тіл — достықтың жанды жібі» деп аталатын экспедицияны А.Е. Бегежанова ұйымдастырды.





