Сайыс барысында қатысушылар:
✅ оқыған кітаптары бойынша эссе жазды;
✅ блиц-сұрақтарға жауап берді;
✅ әдеби кейіпкерлерге жан-жақты талдау жасады;
✅ отбасымен бірлесіп шығармашылық буктрейлерлер дайындады.
Бұл байқау оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
Барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, бас жүлде – велосипедтің иегерлері атанған жеңімпаздар:
- Қоқан Фатима – 10 «Ә» сынып оқушысы;
- Қызырхан Аңсар – 7 «Г» сынып оқушысы;
- Сайлаубек Ләриә – 5 «А» сынып оқушысы.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Жаңа белестерді бағындырып, білім жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін!
Сайыстың демеушісі – «Әкелер кеңесіне», ұйымдастырушыларға, әділқазылар алқасына, ата-аналарға және белсенді қатысқан барлық оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Кітап – білімнің кілті, ал кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы!





