«Тілдер айлығы» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.А. Дузнаеваның ұйымдастыруымен 5–6 сынып оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен «Әдеби кафе» шығармашылық шарасы өтті. ✨
Шара барысында қатысушылар үш бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салды:
📖 Мәнерлеп оқу — көркем сөздің құдіретін сезіну;
🎬 Дубляждау — кейіпкерлер әлеміне ену;
🎤 Караоке — әнмен көңіл тербеу.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға, ұстаз бен оқушы арасындағы жылы шығармашылық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. 🌿
Әдебиет — жүрекке жол табатын өнер.
Ал өнер — адамды біріктіретін күш! ❤️
Белсенді қатысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз! 🌸





