Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс
«АБАЙ БІЛГІРІ» – ҰЛЫ АҚЫН МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН БІЛІМ САЙЫСЫ

«АБАЙ БІЛГІРІ» – ҰЛЫ АҚЫН МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН БІЛІМ САЙЫСЫ

Мамыр айында мектебімізде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Абай білгірі» мектепішілік байқауы ұйымдастырылды.

Білім додасына 5–10 сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында жас білімпаздар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ақынның сырлы да терең өлеңдері мен тағылымы мол қара сөздері, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және Абай мұрасы туралы білімдерін ортаға салды.

Сайыс қатысушылар үшін тек білімдерін сынайтын жарыс қана емес, ұлы ақынның шығармашылық әлеміне терең бойлап, оның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым мен елдік туралы ой-тұжырымдарын зерделеуге мүмкіндік берген тағылымды шара болды. Оқушылар Абай шығармаларын жатқа білуімен қатар, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызын түсінетіндіктерін көрсетті.

Байқауға 50-ден аса оқушы қатысып, өз білімдері мен ізденістерін танытты. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсетіп, «Абай білгірі» байқауының жеңімпаздары атанған Сақтаған Нұрай, Сансызбай Аделя және Шошай Мұстафа арнайы марапатқа ие болып, велосипед иегері атанды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білімге құштар, ізденімпаз оқушыларымыздың қатарын толықтырып, Абай мұрасын терең танып, оның асыл сөздерін өмірлік бағдар етер ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз.

«Абайды таныған – өзін таниды» деген ұстаныммен ұйымдастырылған бұл байқау оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлы ақын мұрасын дәріптеуге өзіндік үлесін қосты.