Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru

Тіліңізді таңдаңыз

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс

18 қыркүйек мектепшілік нөлдік бақылау edoox.com сайтында өткізілді!

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, бастапқы білім базасын бағалау және жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында мектебімізде нөлдік бақылау жұмыстары edoox.com платформасы арқылы онлайн түрде жүзеге асты.

Бұл бақылау жұмысы оқушылардың өткен оқу жылында алған білім, білік және дағдыларын қаншалықты меңгергенін бағамдауға мүмкіндік береді. Тест нәтижелері бойынша пән мұғалімдері білімдегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта түзету жұмыстарын жоспарлайтын болады.

Барлық оқушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!