Мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында *«12 ай – 12 кітап»* жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында әр айға арнайы кітап таңдалып, оқушыларға таныстырылып, шығарманы оқуға және талқылауға бағытталған түрлі жұмыстар ұйымдастырылуда.
📖 Жобаға байланысты мектеп кітапханасында оқушылардың назарын кітап әлеміне аударып, қызығушылығын арттыру мақсатында *арнайы ақпараттық стенд безендірілді.*
Стендте:
* 📚 айдың таңдаулы кітабы;
* ✍️ шығарма авторы туралы ақпарат;
* 💭 кітаптың қысқаша мазмұны;
* ⭐ оқушыларға арналған қызықты деректер;
* 💬 кітап туралы қанатты сөздер мен оқырман пікірлері орналастырылды.
*«12 ай – 12 кітап» – әр айда бір кітап, әр кітапта мың сыр, әр оқырманда жаңа ой!*





