10.08.2023
Тапсыратын құжаттар тізімі
Мекенжайымыз:
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 95, электрондық пошта: pvl_sch10@mail.ru. Құжаттар бекітілген нысандарға сәйкес 10 жұмыс күн аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім педагог сарапшы үшін кемінде 3 жыл педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл; және (немесе) біліктілігі педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 3 жыл.
Тапсыратын құжаттар тізімі:
- нысанға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефоны);
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; *психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың №11 нысандағы толтырылған бағалау парағы;
- бар болған жағдайда қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар;
- Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсты өткізу күні Ережеге сәйкес белгіленеді.