15.11.2023
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізген тәрбие сағаттары
Барысы: Мектептегі зорлық-зомбылық қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Өкінішке орай, айдап салу немесе қорқытуды кез-келген мектепте кездестіруге болады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде буллинг білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Буллинг салдары – тікелей де және жанама түрде – оқушылардың зияткерлік және жеке тұлғалық дамуына теріс әсер етеді. Мектептегі зорлық-зомбылық салдарынан баланың оқуға деген ниеті жоғалуы мүмкін және ол сабақты себепсіз босата бастайды.
Сол себепті де оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылардың ар-ұятына әсер ететіндей мысалдар келтірілді. Оқушылар зорлық-зомбылықтың тек қана мектеп тарапынан емес отбасы, қоғамдық ортадығы түрлерімен де танысты.
Тәрбие сағаттары өз сыныптарына арналған инстаграм желісіне жүктелінді және қажетті материалдар мектеп сайтына салынды.
Сілтемелер:
Ссылка 1Ссылка 2
Ссылка 3
Ссылка 4
Ссылка 5