Суюндикова Маржан Мансуровна
педагог-зерттеуші
Жоғарғы білімді, біліктілігі жоғары өз ісінің шебері. Өзіндік кәсіби шеберлігін әбден қалыптастырған оқушы алдында аса беделді ұстаз. Білім мазмұнын жаңарту негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда өз әдіс-тәсілі арқылы жетістіктерге жетіп жүрген заман сұранысына сай ұстаз. Бірнеше жылдан бері облыстық шығармашылық топтың және мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жетекшісі. Республикалық тестілеу орталығының сарапшысы. Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы. Ана тілімен шәкірт жанын сусындатып қана қоймай, олардың таным-талғамының ашылуына, бәйге-байқауларда шыңдалуына үлес қосып жүр. Атап айтар болсақ, «Зерде» ғылыми жоба сайысында 5 жүлдегер, облыстық пән олимпиадасында 7 жүлдегер, облыстық әр түрлі бағыттағы оқуларды 12 оқушысы жүлдегер санатында болды.