Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облысы Павлодар ауданы Шақат орта жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады.
2000-2005 жылдар арасында осы мектепте директордың оқу жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарды.
2005-2006 жылдары ҚР БжҒМ «12 жылдық білім беру» республикалық ғылыми-практикалық орталығы аға ғылыми қызметкер болды.
2006-2011 жылдар арасында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу жөніндегі орынбасары, ғылыми-әдістеме жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2011-2014 жылдары «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында әдіскер, зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары, директор міндетін атқарды.
2014-2020 жылдар арасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушы қызметінде болды.
2020 жылдың 27 наурызынан «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ директоры.
2022 «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері». «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.