Мәзiр:

Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Семей Назерке Берікқызы

Семей Назерке Берікқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, білімі жоғары

Оқу орныбакалавриат Павлодар педагогикалық университеті;

Магистратура Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.

СанатыПедагог-модератор.

Ғылыми дәрежесіпедагогика ғылымдарының магистрі.

Жұмыс өтілі: 3,5 жыл.

Айтпаева  Ләззат Жалелиденқызы

Айтпаева Ләззат Жалелиденқызы

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, жоғары санатты,

17 жыл  еңбек өтілі бар шығармашыл ұстаз, әдістеме бірлестігінің жетекшісі.

1989 жылы Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын педагогикалық сыныбына түсіп, 1991 жылы болашақ мамандығын айқындауға негіз болған киелі білім ордасында 11-сыныпты аяқтап шығады. 1991 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түсіп, 1995 жылы жоғары оқу орнын үздік дипломмен бітіріп шығады.

 1995 жылы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінді қызметке қабылданып, күні бүгінге дейін киелі қара шаңырақта абыройлы еңбек етіп, болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын Ләззат Жалелиденқызының шәкірттері Облыстық ғылыми жобалар сайысы мен пән олимпиадаларының, «Абай оқулары» мен «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларының» жүлдегерлері.

          

 Марапаттаулары:

 Павлодар облысының білім департаментінің «Алғыс хаты», 2006 жыл.

 Павлодар облысы білім департаментінің «Құрмет грамотасы»,  2007 жыл

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты»,  2009 жыл.

 Павлодар облысы білім департаментінің «Құрмет грамотасы»,  ПМБАИ ЖБО-ның  «Алғыс хат»,  2010 жыл.

Қазиева Бағда Әділханқызы

Қазиева Бағда Әділханқызы

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, 16 жыл  еңбек өтілі бар шығармашыл ұстаз,

Марапаттаулары:

Павлодар облысының білім департаментінің «Алғыс хаты»  2005 жыл

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық пән олимпиадасының  I дәрежелі дипломы, 2005 ж

С.Торайғыров атындығы ПМУ-  дің  «Алғыс хаты», 2006 жыл

Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасы», ПМБАИ –нің I дәрежелі дипломы, 2007 жыл

 Рүстемова Светлана Біләлқызы

Рүстемова Светлана Біләлқызы

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, жоғары санатты,  22 жыл  еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз.

Марапаттаулары:

Облыстық білім департаментінің ІІ дәрежелі дипломы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық пән олимпиадасы, 2008 жыл.

V Республикалық педагогикалық слеті бағдарламасы барысында белсенді қатысқаны үшін Грамота, 2009 жыл.

Облыстық білім департаментінің «Алғыс хаты», 2010 жыл.

 

Сүйіндікова Маржан  Мансұрқызы

Сүйіндікова Маржан Мансұрқызы

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, 18 жыл  еңбек өтілі бар білікті маман.

 

Марапаттаулары:

Павлодар облысының білім департаментінің «Құрмет грамотасы» 2006 жыл.

Павлодар облысының білім департаментінің «Алғыс хаты»  2006 жыл.

ПМБАИ ЖБО эксперимент жүргізуге белсенділік көрсеткені үшін   «Алғыс хат» 2006 жыл.