Мәзiр:

Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Зара Қожахметов атындағы география пәнінен дәстүрлі ІІІ облыстық олимпиада өтте
13 Қаз, 11:14

Бүгін Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалінің, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері, Павлодар облысының құрметті азаматы, «Облыстық мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғам қайраткері, осы Абай орта мектебінің түлегі, ұстазы Қожахметова Зара Қабдышқызына арналған география пәнінен дәстүрлі ІII облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпидаға облысымыздың мамандырылған оқу ордалары мен желілік “Абай мектептерінің” 7-8-сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздарымыз Ертіс Дарыны орталығының дипломдарымен, «Нұр - Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен және Зара Қабдышқызының ұрпақтары арнайы тағайындаған ақшалай сыйақымен мараптталды.