Мәзiр:

Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Әлеуметтік осал топтарға жататын оқушыларды 2022‐2023 оқу жылына 5-сыныпқа қосымша қабылдау жариялаймыз
17 Там, 14:49
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы #350 бұйрығының 18-1-тармағына сәйкес Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия 2022-2023 оқу жылына (қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын) 5-сыныпқа  келесі әлеуметтік топтардан шыққан балалар арасында 3 бос орынға қосымша қабылдау жариялайды. 
 
Қосымша қабылдау 16-23 тамыз аралығында жүргізіледі:
 
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
2. Ата-аналарының біреуі 1-топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
3. Мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар;
4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5. Отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6. Төтенше жағдайдар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
7. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары;
8. Мемлекеттк немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары. 
 
Қосымша қабылдауға қатысу үшін төмендегі құжаттармен тіркеуден өту керек:
1. Ата-ананың немесе үміткер қамқоршысының өтініші;
2. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН;
3. Үміткердің оқу орнынан электронды мекенжайы мен суреті бар  анықтама; 
4. Үміткердің 3*4 форматындағы суреті;
5. Аталған әлеуметтік топтардан шыққандығы туралы түпнұсқа анықтамаларды Толстой көшесі 95 мекен жайы бойынша қабылдау бөлмесіне тапсыру қажет.
 
Тіркелу үшін: