Мәзiр:

Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Бос жұмыс орындарына конкурс жариялаймыз!
29 Шіл, 15:44
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығының  “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары” негізінде келесі мамандықтар бойынша
ПЕДАГОГТЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
 
•Орыс тілі мұғалімі 2 орын (1 жүктеме);
•Ағылшын тілі мұғалімі 2 орын( 1 жүктеме);
•Физика пәні мұғалімі 1 орын (1 жүктеме);
•Физика пәні мұғалімі 1 орын (1 жүктеме: бала күтіміне байланысты демалыс уақытының соңына дейін).
 
      Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: санаты педагог-сарапшыдан жоғары.
 
      Құжаттарды қабылдау мерзімі
2022 жылдың 1-14 тамыз күндері аралығында жүзеге асады. 
 
      Қажетті құжаттар тізбесі:
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10)Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырған бағалау парағы;
Конкуосқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілік арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаты туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшысынан ұсыныс хат) ұсынады.
 
Павлодар қаласы Толстой көшесі, 95.
pvl_sch10@mail.ru
8 (7182) 65 18 53