Мәзiр:

Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні
01 Жел, 00:51
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Отанымыз Қазақстанды осы өткен 30 жылға жуық уақыт ішінде бүкіл дүние жүзіне мойындатып, небір биік мін берлерден сөз алып, талай алпауыт мемлекеттерге сөзін өткізе алатын беделді елдер қатарына қосты.Отыз жылдық белесте еліміздің бағындырған биіктері мен қол жеткізген жетістіктері Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан мемлекеттілігінің негізін құрушы, әлемдік деңгейдегі көрнекті қайраткер Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Еліміз тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті тиімді экономиканың негізі қаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуына жол ашылды. Сіздерге халқымыздың бірлігі мен берекесіне бастайтын мерейлі мереке күні зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Құрметпен, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия #тұңғышпрезиденткүні