
5-11 сынып оқушыларының барлығы төмендегі кестедегі пәндердің қатарынан 1 пәнді таңдап алуы қажет, сәйкесінше олар сол палатаның мүшесі болады (сауалнама арқылы, ата-аналарымен кеңесу, мұғалімнің таңдауы);
ғылыми парламенттің жетекшісі - Оразова Гулден Нурмахамбетовна
ғылыми парламенттің басшысы – Қаратай Ақиқат, 11сынып оқушысы
Палата спикерлері лауазымына әдістемелік кеңесте бекіткен оқушылар тағайындалады.
Депутаттық лауазымға пән мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының ғалымдары сайланады.
5-6 сыныптарда – 9 сынып вице-спикерлері
7-8 сыныптарда – 10 сынып вице-спикерлері
9-10 сыныптар – 11 сынып вице-спикерлері
Палаталардың жұмыс жасау тәртібі:
1.Ғалымдармен жұмыс жасау үшін палата мүшелерінің арасынан арнайы тізім жасалады; ғалымдармен бекітілген кесте бойынша оқушылардың тұрақты түрде баруын қадағалау қажет.
2. 5-6 сынып оқитын палата мүшелері үшін аптасына 1 рет дайындық отырысы өтуі қажет (жауаптылар: спикер, вице-спикер, депутаттар);
3. 7-8 сынып оқитын палата мүшелері үшін аптасына 2 рет дайындық отырысы өтуі қажет (жауаптылар: спикер, вице-спикер, депутаттар);
4. 9-10 сынып оқушылар үшін аптасына 3 рет дайындық отырысы өтуі қажет (жауаптылар: спикер, вице-спикер, депутаттар).
5. Әр апта сайын палаталарда интеллектуалдық сайыс өткізу
«Зерде» ғылыми парламентінде өткізілетін ғылыми – конференциялар:
№ |
Конференция атауы |
Өткізілетін уақыты |
Жауаптылар |
1 |
«Абайды оқы, таңырқа...» |
Желтоқсан |
Қаратай А, Палата спикерлері |
2 |
«Жас ғалым» кіші академиясы |
Ақпан |
Қаратай А, Әлімжан А, Курмангалиева А, Палата спикерлері |
3 |
«Экологиялықтаза-мектеп ауласы» жоба дайындау |
Наурыз |
Қаратай А, Палата спикерлері |