
11 қаңтарда облыстық көпсалалы лицей-интернатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау номинациясы 6 бағытта қаралды. Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
«Көркемсөз оқу » номинациясы бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Каббасова Данагуль III дәрежелі дипломмен,
«Шығарма» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Мукатова Әсел II дәрежелі дипломмен,
«Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Бакытова Айшат I дәрежелі дипломмен,
«Ақындар мүшәйрасы » номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Тлебалды Лағыл III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңістер құтты болсын! Белестерден көріне беріңдер!